Еурокомиссия басшысы Киевке барады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бүгін Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Украина астанасына сапармен барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

У.Ляйен жұма күні таңертең Twitter-дегі парақшасында Киев қаласына кететінін жазды. Әлеуметтік желідегі жазбаға еуропалық делегацияның теміржол платформасындағы фотосуреті бірге салынған.

Сондай-ақ, Еуроодақтың жоғары атқарушы органының басшысымен Еуроодақтың халықаралық істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл бірге барады. Еуропалық Одақтың жоғары лауазымды өкілдері Украина президенті В.Зеленскиймен жеке кездесу өткізеді деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар