16:39, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Еурокомиссия басшысы Ресей мен Украинаны Еуроодақ елдеріне газ жеткізілімін шұғыл қалпына келтіруге шақырды
БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ – Сәрсенбі күні Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануаль Баррозу телефонмен әңгімелесу барысында Ресей мен Украина үкіметтерінің басшылары Владимир Путин мен Юлия Тимошенконы шұғыл түрде Еуроодақ елдеріне газ жеткізілімін толық көлемінде қалпына келтіруге шақырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еурокомиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еурокомиссия басшысы Ресей мен Украина арасындағы келіспеушіліктің туындауынан Еуроодақ елдері зардап шекпеуге тиіс екенін айтты. Сонымен қатар Еуроодаққа газ жеткізушілер ретінде бұл екі елдің сенімділігіне шәк келтіріліп отырғанын атап өтті. Еурокомиссия төрағасының пікірінше, Украина мен Ресей Еуроодақ елдеріне сенімді газ жеткізіліміне кепілдік беретін тұрақты және ұзақмерзімді келісімге келуге тиіс.