Еурокомиссия ЕО бойынша роуминг үшін төлемді болдырмаудың кезеңді жоспарын мақұлдады

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Еуропалық комиссия телекоммуникациялық нарықты реформалауға бағытталған шараларды мақұлдады, деп хабарлады Deutsche Welle.

Еурокомиссия ЕО бойынша роуминг үшін төлемді болдырмаудың кезеңді жоспарын мақұлдады

Аталған құжат Еуроодақ көлемінде роуминг үшін төлемді болдырмаудың кезеңді жоспарын қарастырады, деп ақпараттандырды РБК. «Біздің ұсыныстарымыз тұтынушыларға кепілдікді жақсарту, баға қалыптастыру жүйесін жаңарту мен кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктерді жасауға бағытталған», - деді Еурокомиссия басшысы Жозе Мануэль Баррозу осы бастамамен Еуропарламентте сөйлеген сөзінде.

Болжамды жоспарларды бекітіп, Еурокомиссия тек телефон роумингі үшін ғана емес, сонымен қатар интернет-роуминг үшін төлемді алып тастамақ. 2014 жылдың шілде айынан ұялы байланыс операторларына роуминг үшін төленетін төлемді біртіндеп ішкі баға деңгейіне дейін төмендету міндеті артылып отыр. Мемлекеттен тыс жердегі абоненттерге қосымша кіріс қоңыраулар үшін төлем алдағы жылдың шілдесінен бастап тоқтатылады. Әзірленіп жатқан құжат Еуропарламент пен ЕО барлық мүше елдерімен бекітілуі керек.