Еурокомиссия ЕО елдеріне жыл сайын босқындардың белгілі бір санын қабылдауды ұсынуда

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бүгін Еурокомиссия заңсыз көші-қонмен күрес бойынша іс-қимыл жоспарын ұсынды, онда Жерорта теңізі арқылы ЕО елдеріне Африка және Таяу Шығыс елдерінен келетін иммигранттарға қарсы әрекетке жәрдемдесуге шақырды.

Еурокомиссия ЕО елдеріне жыл сайын босқындардың белгілі бір санын қабылдауды ұсынуда

«Бұл батыл жоспарымен Еуроодақ соғыстан, қудалаудан, кедейліктен жан сауғалап, ауыр жағдайда қалған босқындарға көңіл бөлуге әзірлігін білдірді. Көші-қон барлық мүше мемлекеттердің ортақ жауапкершілігі болып табылады», - деді ЕО шетел істері және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Федерика Могерини. Әзірленген құжатқа сәйкес Еуроодаққа мүше 28 мемлекеттің әрқайсысы босқындардың белгілі бір санын міндетті түрде қабылдауы тиіс. ЕО мемлекеттеріне бөлінетін мигранттар саны ІЖӨ көрсеткіштеріне, халық санына, елдегі босқындар көлеміне негізделген критерийлерге байланысты болмақ. Ұсынылған Жоспарды бекіту үшін ЕО-ға кіретін барлық елдердің келісімі талап етіледі. Сондықтан Еурокомиссия ұсынысын маусымда өтетін саммитте еуропалық көшбасшылар қарайтын болады.