11:03, 05 Қаңтар 2009 | GMT +5
Еурокомиссия Газа секторына гуманитарлық көмек бөлінетінін мәлімдеді
БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Жексенбі күні Еурокомиссия Газа секторындағы халыққа 3 миллион еуро көлемінде жедел гуманитарлық көмек бөлінетінін жария етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Изриальдің әуе шабуылдарының салдарынан зардап шеккен Газа тұрғындарының негізгі сұраныстарын қанағаттандыру үшін гуманитарлық көмек мүмкіндігінше жедел бөлінетін болады. Еуроодақтың Гуманитарлық көмек жөніндегі комиссары Луи Мишель, 1,5 миллион адамның көмекке мұқтаж екенін, «олардың жағдайы күн сайын қиындап отырғанын» мәлім етті. Осыған байланысты Ероодақтың гуманитарлық көмегі бірінші кезекте қатты зардап шегіп отырғандарға көрсетіледі.«Мен Израиль үкіметін халықаралық міндеттемелерді құрметтеуге және гуманитарлық жүктің аман-есен жеткізілуіне кепілдік беруге шақырамын», деп атап көрсетті Еурокомиссар өз сөзінде.