Еурокомиссия «Газпром» бәсекелестікті бұзып, газға әділетсіз баға қойып отыр деп күдіктенуде

БРЮССЕЛЬ. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Еурокомиссия ресейлік «Газпром» ААҚ компаниясына қарсы Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі газ нарығы бәсекелестігін бұзуға күдікпен  монополияға қарсы іс қозғады.

Еурокомиссия «Газпром» бәсекелестікті бұзып, газға әділетсіз баға қойып отыр деп күдіктенуде

Бұл туралы Еурокомиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

Еурокомиссия «Газпром» Еуропалық одақтың қызмет етуі туралы Шарттың 102-бабын бұза отырып, Орталық және Шығыс Еуропадағы газ нарықтарында барлау және өндіру саласындағы өзінің басымдық жағдайын өрескел пайдаланып отыр деп қауіптенеді.

Еурокомиссияның пікірінше, «Газпром» ЕО мемлекеттерінің аумағы арқылы газдың еркін ағынына кедергі жасай отырып, газ рыноктарын бөлді; газ жеткізілімінің әртараптануына кедергі жасады; сондай-ақ газ бағасын мұнай бағасына байластыра отырып, өзінің клиенттері үшін әділетсіз баға қойып отыр.   

Таратылған хабарламада егер мұндай қылық расталатын болса, бәсекелестікті шектейді және бағаның өсуіне және жеткізілім сенімділігінің нашарлауына әкеп соғады деп атап өтілген. Сайып келгенде, мұндай қылық ЕО тұтынушыларына зиян келтіруі мүмкін.

Сонымен қатар, Еурокомиссия бұл мәселені қарастыру тергеу нәтижелерін алдын ала белгілей алмайды, істің басымдық тәртіппен қаралуын көздейді деп атап көрсетеді.