Еурокомиссия ИКАО-ның ескертулерін жою бойынша Қазақстанның атқарған жұмыстарына оң баға берді

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еурокомиссия Қазақстанның ИКАО-ның ескертулерін жою бойынша атқарған жұмыстарына оң баға берді.
None
None

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Құрамына 27 елдің  өкілдері енетін  Еуропалық комиссияның  ұшу қауіпсіздігі  жөніндегі комитеті қазақстандық авиация әкімшілігінің  қолданыстағы азаматтық авиация жүйесін реформалауға және оны халықаралық  стандарттарға сәйкестендіруге  бағытталған жұмыстарын оң бағалады.

Мұнымен қоса, «Эйр Астана» әуе компаниясына Еуроодақ Ережесінің «В» қосымшасына жаңа әуе кемелерін енгізуге  рұқсат берілді. Бұл  әуе тасымалдаушысына  Еуропаға  ұшу үшін қосымша кемелерді қолдануға мүмкіндік  береді.  

Егер бұрын аталған қосымшаға кемелердің шектеулі саны тек тіркеу нөмірлері  бойынша қосылып келсе, ендігі жерде аталған  тізімді  әуе компаниялары кемелердің түрі бойынша санын шектемей толықтыра алады.

Естеріңізге салып өтейік, қарашаның соңғы онкүндігінде Көлік және коммуникация министрлігі Еуроодақтың штаб-пәтеріне ИКАОның ескертулерін  жою  бойынша атқарылған жұмыстардың есебін ұсынған болатын.

Соңғы жаңалықтар