Еурокомиссия көпконфессиялы Қазақстанда тарихи, мәдени дәстүрлерді ескеру қажеттігімен келіседі

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат -  Дүйсенбіде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Бельгияға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
None
None

Жұмыс сапары барысында министр Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Еуропарламент делегациясының басшысы Ивета Григулемен, біздің өңір бойынша ЕО арнайы өкілі Питер Бурианмен, Бельгия Мұсылман атқарушы комитетінің президенті Салах Эшаллауимен кездесті.

Кездесу барысында әңгіме негізінен Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықтың екіжақты мәселелері жайында болды.

«Сондай-ақ азаматтық қоғамды дамыту мен өзара іс-қимыл, Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктер қызметін реттеу бойынша заңнама мәселелері көтерілді», - деп атап өтті ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі.

Оның айтуынша, Еурокомиссия ҚР саясатын қолдайды және «Қазақстанда көпконфессиялы және көпұлысты мемлекеттің тарихи және мәдени дәстүрлерін ескеру қажеттігімен келіседі».

Бұдан басқа тараптар діни экстремизмге қарсы іс-әрекет мәселелері бойынша пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар