00:30, 05 Маусым 2014 | GMT +5
Еурокомиссия Литваны еуроаймаққа қабылдауды ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еурокомиссия Еурпалық одақ елдер министрлерінің кеңесіне 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Литваны еуроаймаққа қабылдауды ұсынды. Бұл туралы ұйымның хабарламасында айтылған, деп жазады ВВС.
Осы арқылы Литва еуроаймақтың 19-шы мүшесі болмақ. Қорытынды шешімді кеңес 2015 жылғы шілденің екінші жартысында қабылдайды. Мемлекет басшылары Литваны қабылдау мүмкіндігін маусымдағы саммитте талқылайды, сонымен қатар өзінің шешімін Еуропарламент беруі тиіс. Мұнымен қоса, Еурокомиссия тарапы Болгария, Чехия, Хорватия, Венгрия, Польша, Румыния және Швеция бірыңғай еуропалық валюта аймағына кіруге әзірге дайын емес деп отыр. Бұл елдердің жағдайы екі жылдан кейін қайта қаралады. Еуроаймаққа қабылдану үшін мемлекет бірқатар талаптарға сай болуы тиіс.