Еурокомиссия орманды кесуге қарсы заңның енгізілуін кейінге қалдырды

АСТАНA. KAZINFORM - Іске асырудағы қиындықтарға байланысты Еуропалық комиссия орманды кесуге қарсы заңның орындалуын кейінге қалдыруды ұсынды. Бұл бастамаға үкіметтік емес ұйымдар наразылық білдірді, деп хабарлайды Euronews

вырубка леса
Фото: freepik.com

Еуропалық комиссия жаһандық ормандардың жойылуымен күресу туралы қаулы қабылдауды бір жылға кейін қалдыруды ұсынып отыр. Тиісті заң еуропалық нарыққа шығуды және өндірісі орман сілемдерін кесуге ықпал ететін өнімдер экспортын реттеуге арналған. Бұл негізінен кофе, соя, какао, пальма майы және ағашқа қатысты.

Еуропалық комиссия заңның қабылдануын кейінге қалдыру бастамасын атап айтқанда елдер мен салалық топтардың біркелкі дайын еместігімен түсіндіреді. 

«Біз Еуропалық комиссияның мұндай шешім қабылдағанына қатты өкінеміз. EUDR (ЕО ормандарды кесуге қарсы күрес ережесі) шынымен де орманды кесуге, ормансыздануға қарсы күрес жүргізуде және ағаш өнімдерін шығаратын және оларды Еуропаға жеткізетін компаниялардың бизнес үлгісін нақты өзгертуге шынымен де әлеуеті бар. Сондықтан иә, бұл өте өкінішті. Бұл осы ереженің болашағы үшін жаман сигнал береді», - деді Брюссельдегі ClientEarth бюросының директоры Анаис Бертье.

Осы аптада жарияланған ұсыныс ірі компаниялар үшін келесі жылдың 30 желтоқсанынан және шағын және орта бизнес үшін 2026 жылдың 30 маусымынан бастап жаңа ережелер енгізуді қарастырып отыр.