Еурокомиссия пестицидтерге қарсы күресте кері қадам жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен ЕО аумағында зиянкестер мен арамшөпке қарсы химиялық құралдар пайдалануды қысқартуды қарастыратын заң жобасын кері қайтарып алды. Бұл одаққа мүше елдердің «Жасыл мәмілесіне» қатты соққы болып саналады, деп хабарлайды Еuronews. 

Еурокомиссия пестицидтерге қарсы күресте кері қадам жасады
Фото: euronews.com

Тұрақты пайдалану туралы ереже (SUR) алғаш рет 2022 жылдың маусым айында ұсынылған болатын. Оның мақсаты 2030 жылға қарай пестицидтердің қолданылуын екі есе қысқарту еді. Ол сондай-ақ қалалық саябақтар мен адам қолы тимеген табиғи жерлер сияқты аймақтарда химикаттарға толық тыйым салуды қарастырған.

SUR жобасы әуелден-ақ келіспеушілік тудырып, ауыл шаруашылығы секторы тарапынан қиян-кескі лоббилеу нысанына айналды. Өткен жылы оны Еуропарламент қабылдаған жоқ. Қазіргі кезде заң жобасы ЕО-ға мүше елдер арасындағы саяси келіссөздер кезеңінде қалып отыр. Бұл жобаны соңына дейін жеткізуге ниет аз екенін танытып отыр.

«Комиссия SUR-ға өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарымен байланысты тәуекелді лайықты мақсатпен төмендетуді ұсынды. Алайда SUR ұсынысы поляризация символына айналды», - деді фон дер Ляйен сейсенбіде Страсбургте еуродепуттар арасында сөйлеген сөзінде.

Фон дер Ляйеннің шешімі оңшыл саясаткерлердің Еуропаның «Жасыл мәмілеге» қарсылығының күшеюі және қоршаған ортаны қорғау ережелерінің ауыртпалығына шағымданған ашулы фермерлердің кең таралған наразылықтары жағдайында қабылданды.

Наразылық қозғалысы өткен аптада ЕО саммиті кезінде Брюссельге жетіп, хаос пен қирау тудырды. Фон дер Лейен Бельгия және Нидерланд премьер-министрлерімен бірге саммиттен кейін бірден ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесуге қатысты.

Сейсенбі күні таңертең сөйлеген сөзінде Еурокомиссия басшысы заң шығарушыларды климаттың өзгеруі, Ресейдің Украинаға басып кіруі және өмір сүру дағдарысының салдарымен бетпе-бет келген «фермерлер үніне құлақ асуға» шақырды.

Алайда Фон дер Ляйен парниктік газдар шығарындыларының 10%-дан астамына тең және ЕО бюджетінен айтарлықтай субсидияланатын сектор «тұрақты өндіріс үлгісіне» көшуі тиіс деп санайды.

Соңғы жаңалықтар