Еурокомиссия шетелдік студенттер және жас ғалымдар үшін ЕО-қа кіруін жеңілдетуді ұсынып отыр

БРЮССЕЛЬ. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Еурокомиссия үшінші әлем елдері студенттерінің және жас ғалымдарының Еуроодаққа кіруін жеңілдетуді ұсынып отыр.
None
None

Бұл туралы дүйсенбі, 25 наурызда, мақұлданған Еурокомиссияның ұсынысында сөз қозғалды.

Бүгінде бірқатар ережелерді өзгертіп, қолданыстағы ЕО-тың студенттер және зерттеушілер туралы екі директивасын біріктіру ұсынылды.

Осылайша, Еурокомиссия үшінші әлем елдерінен шыққандарға студенттік визаларды беру шешімі 60 күндік шекті мерзім ішінде қабылдануы қажет деп санайды.

Жаңа ұсыныстар оқу және зерттеулер барысында ЕО аумағында шетел студенттерінің және зерттеушілерінің қозғалып тұруына жеңілдетілген мүмкіндіктер ұсынады.

Бұдан басқа, шетел студенттеріне және зерттеушілеріне өз бетінше өздерін асырай алуы және ЕО мүше мемлекеттерінің экономикасын дамытуға үлес қосуы үшін кемінде аптасына 20 сағат жұмыс жасау құқығын беру жоспарлануда.

Жаңа ұсыныстарда үшінші әлем мемлекеттерінің студенттері мен жас ғалымдары үшін ЕО-та олардың оқу мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл бойы жұмыс іздеу немесе жеке бизнесін ашуға мүмкіндік беріледі деп қарастырылуда.

Еурокомиссия ұсыныстары бүгінгі күні еуропалық заңнама аясына кірмейтін «au-pair» (шаруашылыққа көмек) саласындағы жұмысшылар, мектеп оқушылары және ақылы өтілгерлер секілді тұлғаларға қосымша қорғауды қарастырады.

Еурокомиссия ұсыныстары Еуропарламент және ЕО Кеңесіне келісуге беріледі.

Соңғы жаңалықтар