Еурокомиссия төрағасы Бакуде ресми сапармен жүр

БАКУ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - 13-14 қаңтар күндері Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу бастаған Еуропалық одақ делегациясы Бакуде ресми сапарда жүр.

Еурокомиссия төрағасы Бакуде ресми сапармен жүр

Әзірбайжандық тараппен кеңейтіліп өткен кездесу барысында Ж.М.Баррозу және Әзірбайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев «Оңтүстік энергетикалық дәліз» жөніндегі Бірлескен декларацияға қол қойды.

«Оңтүстік дәлізі» Еуропалық одақпен энергетикалық қауіпсіздікті нығайту мақсатымен Әзірбайжаннан жеткізілетін энергетика бағыттарын әртараптандыруға арналған.