Еурокомиссия төрағасы Чехияның Лиссабон шартын бекітуін қолдады

Чехия президенті Вацлав Клаустың Лиссабон шартын бекіту туралы құжатқа қол қоюын қолдады.
«Лиссабон шартын бекіту туралы құжатқа қол қойған президент Клаусты мен қолдаймын. Енді Лиссабон шартының көз ұзамай күшіне енетіні анық», делінген Еурокомиссия басшысының мәлімдемесінде.
Ж-М. Баррозу, Еуроодақ президентін және жоғары өкіл - Еурокомиссия вице-президентін (Еуроодақ СІМ басшысы) тағайындау жөніндегі консультацияларға және Еурокомиссияның жаңа құрамын қалыптастыру үдерісін бастауға жол ашылды деп санайды.
Бұған дейін Чехия Лиссабон шартын бекітпей, сөйтіп Қоғамдастықтың негізгі құжатының күшіне ену үдерісін тежеп келген Еуроодаққа мүше 27 мемлекеттің ішіндегі жалғыз ел еді. Чех президенті Шарттың Чехия Конституциясына сәйкестігі туралы республика Конституциялық сотының қорытындысын күткен болатын.