08:38, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Еурокомиссия төрағасы Еуропаға газ жеткізілімінің жандандырылғанын қолдады
БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу мәлімдеме жасап, Еуропаға газ жеткізілімінің жандандырылғанына қолдау білдірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгін біз Еуропаға газ жеткізілімінің жандандырылғанын қуана айтып отырмыз. Ресей тарабы таңертең газ құбырын ашып, ал Украина тарабы оның транзитін қамтамасыз етіп отыр. Біздің байқаушыларымыз құбыр жүйесінде қысымның көтеріліп келе жатқанын және газдың украина шекарасы арқылы Словакияға жете бастағанын айтып отыр. Енді біз азаматтарымызға газ жеткізілімінің басталғанын хабарлай аламыз», делінген Еурокомиссия төрағасының мәлімдемесінде.Ол сондай-ақ, келешекте мұндай оқиғалардың орын алмауы керектігін атап көрсетті. «Жаңа жыл газ дағдарысы үшін емес, отшашулар мен мерекелерге арналған. Біз еуропадағы энергетикалық қауіпсіздік туралы бос әңгімелерді тоқтатып, нақты істер атқаруымыз керек», деп атап көрсетеді Ж.М.Баррозу.