08:14, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Еурокомиссия төрағасы мен Еуроодақ комиссары газ бойынша келісімді қолдап отыр
БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ – Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу мен Еуроодақтың энергетика мәселелері бойынша комиссары Андрис Пибалгс бірлесіп жасаған мәлімдемелерінде, украиналық газ тасымалдау жүйесіне мониторингілік миссияны жіберуге қатысты үшжақты келісімге қол қойылуына қолдау білдірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Еуроодақтағы Чехия президенттігі мен Еурокомиссия өкілдерінің күш-жігері арқасында Ресей, Украина және Еурокомиссияның арасындағы мониторингілік миссияның құзырлығы аясын белгілеп отырған аталмыш келісімді мен қуана құптаймын. Бұл Ресейден Еуроодаққа газ жеткізілімін жандандыруға мүмкіндік береді», деп мәлім етті Ж.М.Баррозу. А.Пибалгс өз кезегінде, «енді, миссияның құзырлық аясы келісілгеннен кейін, бақылаушы команда газдың тезірек жеткізіле бастайтындығына үміт артып, жұмысқа тезірек кіріседі», деді.