Еурокомиссия төрағасы Ж.М.Баррозу Польша халқына Смоленск түбіндегі авиаапатқа байланысты көңіл айтты

БРЮССЕЛЬ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу бүгін Польша халқына Ресейде Смоленск қаласының маңында Польша Республикасының Президенті Лех Качыньскийдің және басқа да қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

Еурокомиссия төрағасы Ж.М.Баррозу Польша халқына Смоленск түбіндегі авиаапатқа байланысты көңіл айтты

«Мен Польша халқына Президент Л.Качыньскийдің, сондай-ақ оның әйелінің және олармен бірге болғандардың Қатыньдағы жаппай өлтірудің 70 жылдығын еске алу сапарындағы жол үстінде қайғылы жағдайда қаза болуына байланысты қатты қайғырып көңіл айтамын. Мен Президент Л.Качыньскиймен тығыз байланыста жұмыс жасадым. Мен оны Еуропалық одақ идеяларын, сондай-ақ бостандық пен ынтымақтастық құндылықтарын жақтайтыны үшін поляк патриоты ретінде құрметтейтінмін», делінген көңіл айту мәтінінде.

Өз кезегінде Сытқы істер және саяси қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкіл Кэтрин Эштон Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорскимен телефон арқылы әңгімесінде: «Мен Польша халқына, сондай-ақ қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шынайы көңіл айтуымды жолдаймын» деп атап өтті. Польша өкімет орындарының өтініші бойынша, қайғылы оқиғаларға байланысты К.Эштонның сәуірдің 12-сіне жоспарланған Варшаваға сапары кейінгі қалдырылды.

Бұдан бұрын әлемдік ақпараттық агенттіктер хабарлағанындай, поляк президентінің ұшағы мәскеу уақытымен 10:56-да Смоленск түіндегі «Северный» әуежайы маңында апатқа ұшырады. Қонар алдында ТУ-154 ағаштардың басына соқтығысып, құлады. Ұшақтың құлауы салдарынан 97 адам қазаға ұшырады.

Оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеуде, ұшақтың апатқа ұшырау себебі мен жай-жапсары анықталуда.