Еурокомиссия Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссельде өткен Еуроодақ елдері басшылары мен Украина Президенті арасындағы екіжақты кездесуде Еуразиялық үштік көшбасшыларының бейбіт бастамалары қолдау тапты, деп жазады 24.kz.
None
None

Жуырда Минскіде өткен келіссөздер барысында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Украина басшысын ымырашылдыққа ыңғай беруге және әлемдік қауымдастықты елге гуманитарлық көмек көрсетуге шақырғаны белгілі. Саммит барысында Еурокомиссия төрағасы Жозе Манэуль Барозу де осы бастамаларға үн қосты.

Минскіде өткен кездесу мен Еуроодақ саммитінің көздегені - бір. Ол - Украинада қалыптасқан ахуалды бейбіт жолмен реттеу.

Кездесуде Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу: «Гуманитарлық жағдай Украинаның тәуелсіздігін құрметтей отырып, шұғыл халықаралық көмек көрсетуді қажет етеді. Еуразиялық үштік басшылары сияқты Брюссельдегі саммитке қатысушы елдер де Украинадағы жанжалды саяси жолмен шешу қажет деп есептейді. Еуроодақ басшысының пікірінше, бұл - басты мәселенің бірі», - деп пікір білдірді.

Жозе Мануэль Баррозу тағы бір сөзінде: Жағдай одан әрі ушықса, қалыптасқан ахуалды реттеу оңай болмайды. Сол себепті мүдделі тараптарды кеш болмай тұрғанда, саяси шешімге келуге шақырамын, - деді.

Еурокомиссия төрағасы Украина президенті Порошенкоға аймақтағы бейбітшілікті қайтаруға қолдан келгеннің бәрін жасау керектігін баса айтты. Өз кезегінде Порошенко да: Біз жанжалды қарудың күшімен шеше алмайтынымызды жақсы түсінеміз. Қазір ең бастысы - бейбіт өмір орнату. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Ресей және Украина басшыларының алдағы кездесуі оң нәтиже береді деп сенемін, - деді.

Еурокомиссия төрағасы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың әлемдік қауымдастықты Украинаға көмек көрсетуге шақырған бастамасына қолдау білдіруге дайын екендіктерін айтты: «Еуроодақ әскери қақтығыстардан зардап шеккендерге қосымша 2,5 млн. еуро бөледі. Сонымен қатар несие түрінде 500 млн. еуро және грант есебінде 250 млн. еуро бөлу қарастырылды. Дүниежүзілік валюта қорымен кеңескеннен кейін несие түрінде тағы 1 млрд. еуро бөлуге дайынбыз. Еуроодақ саммиті Минскіде өткен кездесудің заңды жалғасы болды десек, артық айтқандық емес. Өйткені Еуроодақ басшыларының пікірінше, Украинадағы ахуалдың бүкіл әлем қауіпсіздігіне қатысы бар».

Соңғы жаңалықтар