Еурокомиссия заңсыз босқындар үшін шатырлар қалашығын құруға 5,2 млн еуро бөледі

«Каледегі жағдай ең алдымен шешімтал әрекет етуді қажет етеді. Бұл еуропалық деңгейдегі дағдарыс, ол еуропалық үн қатуды талап етеді. Кале осы еуропалық жауаптың мәселені шешуде қаншалықты сенімді әрі батыл шешімдер шығара алатынының үлгісі бола алады», - деп Еурокомиссия вице-президенті Франс Тиммерманстің Каледегі босқындар лагеріне бару қорытындысы бойынша сөйлеген сөзі келтірілген.
Атап өтілгендей, Еурокомиссия қоныс беру, миграция және интеграция Қорынан (AMIF) қосымша 5,2 млн еуро бөледі. Бұл қаражат ЕО 2014-200 жылдардағы қоны беру, миграция және интеграция саласындағы ұзақ мерзімді әрекеттерін қаржыландыруға арналған 266 млн. еуроны, сонымен қатар әйелдер мен балалардан құралған босқындар тұратын Кале қаласындағы Жюль Ферри орталығын субсидиялауға арналған өткен жылы бөлінген 3,8 млн. еуроны толықтырады.
Еске салайық, бүгін Франция премьер-министрі Мануэль Вальс елдің ІІМ басшысы Бернар Казнев, Еурокомиссияның бірінші вице-президенті Франц Тиммерманс және көші-қон, ішкі істер мен азаматтық мәселелері бойынша еурокомиссар Димитрис Аврамопулоспен бірге көші-қон дағдарысына байланысты француз-британ шекарасындағы Кале қаласына барады. Қазір Кале қаласындағы лагерьде үш мыңнан астам мигрант бар. Босқындардың басым бөлігі - Таяу Шығыстан және Африкадан. Бұлар Францияға Ұлыбританияға өту үшін келген. Мұнда оларды босқын дәрежесінің берілуі мен төленетін жәрдемақы қызықтырады.