Еурокомиссияның жаңа құрамы бекітілді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропарламент пленарлық сессияда Жан-Клод Юнкердің Еурокомиссиядағы толық құрамын қолдады. Ол ағымдағы жылдың 1 қарашасында Жозе Мануэль Баррозудың Еурокомиссиясының орнына келеді.

Еурокомиссияның жаңа құрамы бекітілді

423 еуродепутат қолдап дауыс берсе, 209-ы қарсы дауыс берді. 67 еуропарламентарий ешқандай дауыс бермеді.

Еурокомиссияның сайланған төрағасы Жан-Клод Юнкер былай деп мәлімдеді: «Ұзақ демоктартиялық жолдан кейін бүгін менің командам «ақтық мәреге» жетті. Мен үшін менің Комиссиямның Еуропарламенттің демократиялық қолдауына ие болғаны үлкен мәртебе. Енді «білекті сыбанып» жұмысқа кірісетін кез келді: экономикалық қалпына келуге серпіліс беріп, жұмыс орындарын көптеп ашып, еуропалық жастардың мәселесін шешіп, сонымен бірге біздің қоғамның әлдеқайда аз қамтылған топтарын қорғап, тез нашарлап бара жатқан геосаяс жағдаймен күресу керек. Бәріміз бірге жетістікке жетеміз».

Еурокомиссия министрлер кабинеті сияқты жұмыс істейді. Комиссарлар деп аталатын 28 мүшеден тұрады. Еуроодаққа кіретін әрбір ел бір еурокомиссарды тағайындайды. Алайда комиссия мүшелері оларды шығарған елдердің позицияларын жақтамай, жалпы одақтың қызығушылықтарын таныстырулары керек. 28 комиссардың бірі - Еурокомиссияның төрағасы. Оны Еурокеңес ұсынады, Еуропарламент сайлайды.