Еурокомиссияның жаңа төрағасы болашақ еурокомиссарлардың тізімін ұсынды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еурокомиссияның жаңа төрағасы, Люксембургтің бұрынғы премьер-министрі Жан-Клод Юнкер болашақ еурокомиссарлардың (ЕО қатысушы-елдерінің әрқайсысынан бір-бірден) тізімін ұсынды, деп хабарлады Еурокомиссияның баспасөз қызметі.

Еурокомиссияның жаңа төрағасы болашақ еурокомиссарлардың тізімін ұсынды

Еурокомиссияның хабарламасында атап өтілгендей, тағайындалған Еурокомиссияның төрағасы Ж.-К. Юнкер биылғы жартыжылдықта ЕО Кеңесіне төрағалық ететін ел - Италияның премьер-министрі Маттео Ренциге ұсынылған еурокомиссарлардың тізімін жолдады.

ЕО Кеңесінде кандидатуралар бекітілгеннен кейін тізім Еуроодақтың ресми журналында (ЕО заңдары жинағы) жарияланатын болады. Бұдан кейін Ж.-К. Юнкер олардың арасында портфельдерді бөлу, сондай-ақ Еуроодақтың келесі құрамының жұмысы қалай ұйымдастырылатыны жөнінде жариялайды

Келесі қадам осы тізімнің Еуропарламентте бекітілуі болмақ. Бұның алдында жоғарғы еуропалық заң шығарушы органның тиісті парламенттік комитеттерінде тыңдаулар болады. Еуропалық парламент өзінің келісімін бергеннен кейін Еуропалық кеңес Еурокомиссия мүшелерін тағайындайды.

Ж.-К.Юнкер ұсынған тізімде қазіргі еурокомиссарлардың жетеуі ғана бар, егер ЕО мен Еуропарламент оларды бекітсе, Еурокомиссияның келесі құрамына өте алады. Олардың арасында - Германия өкілі - Гюнтер Эттингер, Австриядан - Йоханнес Хан, Швециядан - Сесилия Мальмстрем, Словакиядан - Марош Шефкович, Болгариядан - Кристалина Георгиева, Хорватиядан - Невен Мимица және финляндиядан - Юрки Катайнен бар.

Еурокомиссияның жаңа құрамы осы жылғы 1 қарашада жұмысқа кірісуі тиіс.

Хорватии - Невен Мимица и Финляндии Юрки Катайнен".