Еурокубок: Қазақстан үздік ондықтан шығып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таяуда шымкенттік «Ордабасы» командасы мен алматылық «Қайрат» Еуропа іріктеу кезеңі екінші айналымының алғашқы кездесулерін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Еурокубок: Қазақстан үздік ондықтан шығып қалды

Кахабер Цхададзенің командасы Чехиядағы ойында «Млада-Болеславпен» 1:1 есебімен тең түсті. Алматылық клуб дәл солай сыртта израильдік «Хапоэль» клубынан 0:2 есебімен жеңіліп қалған еді.

Аталмыш матчтардан кейін Қазақстанның еурокубоктар маусымы рейтингіндегі орны 1,750 коэффицентімен 11-ден 7-ге төмендеп қалды.

Еурокубок маусымы рейтингінің ТОП-10 төмендегідей:

1. Испания — 2,428

2. Англия — 2,428

3. Германия — 2,428

4. Италия — 2,428

5. Шотландия — 2,375

6. Франция — 2,166

7. Венгрия — 2,000 Казақстан — 1,625

8. Норвегия — 1,875

9. Румыния — 1,875

10. Швеция — 1,750

11. Казақстан — 1,750