Еурокубоктың алдағы маусымының қатысушылары белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еурокубоктың алдағы маусымында Қазақстан атынан өнер көрсететін 4 қатысушы белгілі болды, деп хабарлады KazFootball.kz.

Еурокубоктың алдағы маусымының қатысушылары белгілі болды

Ел чемпионы, елордалық «Астана» командасы Чемпиондар Лигасының іріктеу ойындарында жол бастайды. Ел Кубогының иегері, алматылық «Қайрат» пен қола жүлдегер, шымкенттік «Ордабасы» және 4-ші орын алған павлодарлық «Ертіс» Еуропа Лигасының іріктеу сындарында өнер көсетеді.