Euronews Сноуденді Жыл адамы деп жариялады
АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Euronews телеарнасының көреремендері 2014 жылғы жыл адамы атағына Эдвард Сноуденді лайықты деп таныды. Дауыс беруге қатысқандардың 47 пайызы Американың Орталық барлау басқармасының бұрынғы агентін таңдады, деп хабарлайды Утро. ру.
Бұл атаққа Сноуденмен бірге папа Римский Франциск, Ресей президенті Владимир Путин және ГФР канцлері Ангела Меркель таласты.
Тоғызыншы желтоқсан күні The Guardian да Сноуденді жыл адамы деп жариялаған болатын. Британдық газеттің 1 445 оқырманы өз дауыстарын соған берді.
«Ол демократиялық құндылықтар мен бостандық үшін өз болашағын құрбан етті», - деп жазды британдық Мириам Берггольц Сноуденнің жеңісінен кейін.
Эдвард Сноуден қазір Ресейде. Сол жерде бірінші тамыз күні оған бір жылдық мерзімге саяси баспана берілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың шілде айында Сноуден америкалық арнайы қызметтердің бүкіл әлем бойынша интернет аңду жүргізіп жүргенін баспасөз құралдарына жайып салған болатын. Шілденің 23-і жұлдызында ол Мәскеуге ұшып келді. Келесі күні ОББ-ның бұрынғы агенті Гаванаға аттанбақ болып, ұшаққа отыра алмады. Кейін белгілі болғандай, АҚШ оның төлқұжатының күшін жойған болып шықты.