Еуроодақ 21 ақпанда Украинаға қарсы санкция енгізуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуроодақ 21 ақпанда Украинаға қарсы санкция енгізуі ықтимал.

Еуроодақ 21 ақпанда Украинаға қарсы санкция енгізуі мүмкін

Бұл жөнінде Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілінің баспасөз хатшысы Майя Косьянчич мәлім етті.

«Егер 20 ақпандағы ЕО Кеңесінің СІМ басшылары деңгейіндегі Украинаға қатысты шектеу шаралары қаралатын кездесуінде бұл мәселе келісілетін болса, онда шұғыл қолға алынуы мүмкін»,- деді Майя Косьянчич.

«Егер шешім ертең қабылданар болса, арғы күні шектеу шаралары іске қосылады»

«Украинаға қатысты шектеу шаралары жөніндегі ЕО мемлекеттерінің шешімі бірауыздан қабылдануы қажет»,- деп атап өтті Косьянчич.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта ЕО саясат және қауіпсіздік комитетінің мүшелері министрлер кездесуіне дайындық жұмыстарын жан-жақты жүргізіп жатқандығын жеткізді.

Дереккөздердің ақпаратына қарағанда, министрлердің алдында Украинадағы бірнеше адам өліміне ұшыратқан қақтығысқа жауапты тұлғаларға қарсы енгізілетін санкцияны талқылау мәселесі тұр.Оларға Еуроодақ территориясына кіруге тыйым салынуы мүмкін, сондай-ақ еуропа елдері банктеріндегі активтері жабылады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.