Еуроодақ: Әдебиет сыйлығын алатын жазушылардың есімдері аталды

Сыйақы қараша айында Брюссельде беріледі.
Сыйақы 2009 жылы ұлттық әдебиет таланттарын дамыту үшін ұйымдастырылды.
Қазылар алқасының құрамына Еуропаның танымал жазушылары, баспагерлері мен кітап саудагерлері кіреді. Сонымен олар алдымен австриялық Анна Кимнің Косоводағы соғыс қорытындылары бойынша жазылған романын атап өтті.
Биылғы жылдың жүлдегерлерінің арасында ирландиялық Кевин Барри бар. Лимериктің тумасы Барри жарты әлемге сапар жасап, Ирландияға қайтып оралу үшін Испания мен АҚШ-та жұмыс істеп те үлгерді.
Хорватиялық Лада Жиго «Рулетка» романы үшін марапатталды, онда құмарлық ойындары әлеуметтік болашағынсыз өмір сүріп отырған адамдар үшін жалғыз шығар жол деп қарастырылған.
Жүлдегерлер арасында Франция елінен Лоранс Плазене, венгриялық Виктор Хорват, Италиядан Эммануэль Треви, норвегиялық Гунстайн Баке, сондай-ақ Польша, Литва, Португалия, Словакия және Швецияның жазушылары бар.