Еуроодақ алғаш рет газға қарағанда күн мен желден көп энергия алды
2022 жылы Еуропалық одақ алғаш рет газды жағудан гөрі жаңартылатын көздерден көбірек энергия алған. Мұндай дерек ЕО климат саясаты бойынша зерттеулер жүргізетін Ember талдау орталығы жариялаған есепте келтірілген.
Оның есебіне сәйкес, өткен жылы ЕО-да электр энергиясының шамамен 22%-ы күн және желден өндірілген. Сонымен қатар, газ жағу шамамен 20% болды.
Еуроодақ елдері 2022 жылы 203 тераватт-сағат (ТВт сағ) күн энергиясын өндірді, бұл – өткен жылмен салыстырғанда 39 Твтс-ға немесе 24%-ға көп. Осылайша, Ember сарапшыларының есептеуінше, газ сатып алуға жұмсалатын қаражатты шамамен 10 млрд еуроға үнемдеуге мүмкіндік туды. Жел энергетикасы ЕО-ға 420 ТВтс қуат берді, бұл – 2021 жылмен салыстырғанда 33 ТВтс артық.
Жаңартылатын көздерден ең көп энергияны ЕО-да 2022 жылы Германия алған – 126 ТВтс желден және 59 ТВтс күн есебінен.
Фото: dw.com