Еуроодақ Әзірбайжан мен Армения әскерлері тоғысатын желідегі күрделі қарулы оқиғаларға алаңдаушылық білдіруде

БРЮССЕЛЬ. 9 маусым. ҚазАқпарат - Еуроодақ 4, 5 және 6 маусым күндері Әзірбайжан мен Армения әскерлері тоғысатын желі - таулы-қарабақ аумағында болған күрделі қарулы оқиғаларға алаңдаушылық білдіруде.

Еуроодақ Әзірбайжан мен Армения әскерлері тоғысатын желідегі күрделі қарулы оқиғаларға алаңдаушылық білдіруде

Мұндай мәлімдемені ЕО-ның шетелдік істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон жасады.

Жоғарғы өкіл екі тарапты соңғы бірнеше айда нашарлап кеткен жағдайды одан әрі ушықтырмас үшін атысты тоқтату туралы келісімді қатаң ұстануға және жер-жерлер мен көпшілік мәлімдемелерде сабырлылық танытуға шақырды.

«Күштер қаупі және оны қолдану, сондай-ақ кво-статусы жалғасып келе жатқан жанжалды шешуге ықпал етпейді. Бұл оқиғалар, қақтығыстарды тергеудің және ЕҚЫҰ ұсынған тетіктердің қызмет етуінің маңыздылығын көрсетуде. Сонымен қатар, олар келіссөздер жүргізу процесінде прогреске жету қажеттілігін көрсетуде», - деді К.Эштон.

Еуропалық сыртқысаяси қызметінің басшысы Арменияны, Әзірбайжанды және серіктес елдерді бейбітшілікке қол жеткізу үшін негіз ретінде Мадрид қағидаттарына қол жеткізу бойынша күш-жігерді белсендіру, сондай-ақ ЕҚЫҰ Минск тобының аясындағы міндеттерді толыққанды ұстануға шақырды.