Еуроодақ Батыс жағалаудағы мектептің сүрілуіне наразы

АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі күні Еуропаның сыртқы әрекет қызметі Израильдің Шығыс Иерусалимді қоса алғанда оккупацияланған Батыс жағалауда ғимараттарды сүріп, қоныс салу жөніндегі саясаты туралы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Евросоюз возмущен сносом Израилем школы на Западном берегу
Фото: Anadolu

Мәлімдемеде Еуроодақтың Әл-Акабедегі мектептің сүрілуіне наразы екендігі айтылған. Себебі ол мектепті Еуроодақ пен Франция қаржыландырады.

-Білім алу - негізгі құқықтардың бірі, осы ретте мектеп С аумағындағы бірнеше қоғамдастықтан жүздеген палестиналық оқушыларға қызмет көрсетуі тиіс болатын,-делінген хабарламада.

Еуроодақ С аумағындағы палестиналық қоғамдастықтардың экономикалық дамуы мен өмір сапасының өсуіне бағытталған жобаларды қолдайды және палестина халқын қолдау үшін салынған инвестиция Израиль тарапынан болып отырған әрекеттерден халықаралық құқыққа сәйкес қорғалады деп үміттенеді.

«Үлкен Израиль» тұжырымдамасы ел аумағын көршілес мемлекеттердің жерінің есебінен кеңейтуді қарастырады және Газа секторы мен Иордан өзенін, Шығыс Иерусалимді өзіне қосып алуды көздейді.

Осыған дейін Израиль ХАМАС-пен жартылай бітімге келуге келіспейтінін мәлімдеген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум