Еуроодақ Caspian Airlines жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

БРЮССЕЛЬ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - «Тегран-Ереван» бағытымен ұшып шыққан Caspian Airlines компаниясының Ту-154 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауына байланысты Еуроодақ кеңесінің шведтік президенттігі мәлімдеме жасады,

Еуроодақ  Caspian Airlines жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

«Еуроодақ президенттігі Иран халқы мен үкіметіне шынайы көңіл айтады», - делінген мәлімдеменің мәтінінде.

Осы қайғылы оқиғаның құрбандары болған адамдардың туыстары мен жақындарына және Иран үкіметіне Еуроодақтың жоғарғы өкілі Хавьер Солана да қатты қайғырған көңілін білдірді.

«Тегран-Ереван» бағыты бойынша бүгін ұшып шыққан Caspian Airlines авиакомпаниясының Ту-154 ұшағы Тегран халықаралық әуежайынан көтерілгеннен кейін 16 минуттан кейін апатқа ұшырады. Соңғы мәліметтер бойынша бортында 153 жолаушы және 15 экипаж мүшесі болған. Лайнердің бортында болған адамдардың барлығы қазаға ұшырады. Апат орнында тиісті қызметтер жұмыстарын бастады.