Еуроодақ Эболамен күресуге жаңа бағдарламасын іске қоспақ
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуорпалық комиссия Старый свет фарминдустриясының өкілдерімен бірлесіп «Эбола плюс» жаңа бағдарламасын іске қоспақ, ол Эбола вирусына қарсы вакцина жасау үшін 215 млн. еуро мөлшерінде сегіз ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруды көздейді.
«Қазіргі уақытта індетті емдейтін дәрі жоқ. Сондықтан бұл вирусты зерттеу үшін шұғыл күш жұмылдыруымыз қажет. Бұл бағдарлама Эболаға қарсы вакцинаның дамуын және диагностикалық тестер жүргізуді жеделдетеді. Біз вирустың көзін жоюымыз қажет», - деді зерттеу мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Карлос Моедас.
Басқа жоба аясында да қатар жұмыстар атқарылуда. Ол Либерия, Кот-д'Ивуаро және Сьерра-Леон шекарасына жақын Гвения аумағындағы Батыс Африкада жасалуда. Африка аумағындағы зерттеу ғалымдарға вирустың таралуын болжауға, эпидемияның ошағы жайылған кезде дайындықты, жоспарлауды, реттілікті жақсартуға жәрдемдеседі.