Еуроодақ елдері азаматтарын Ливаннан кетуге үндеді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгінгі жексенбіде Еуроодақтың көптеген елі азаматтарын Ливаннан кетуге үндеді. 

ұшақ
Фото: Global Look Press

Сондай-ақ, еуропалық мемлекеттер азаматтарына бір ай бойы Израиль мен Ливанның әуе кеңістігі арқылы өтетін сапарлардан бас тарта тұру керектігін ескертті.

Еуропалық одақтың Әуе қауіпсіздігі агенттігі (EASA) мен Еуропалық комиссия аталған екі елдің әуе кеңістігін пайдаланбау туралы нұсқау жариялады. Бұл нұсқау 31 қазанға дейін күшінде болатыны айтылған.

EASA бұл нұсқауды аймақта әуеден жасалатын соққылардың артқанымен, қауіпсіздік мәселесінің ушығып түсіндіруімен байланыстырған.

Ливанның Көлік министрлігі де Бейруттегі халықаралық әуежайға аумағына Иранның ұшақтарын кіргізбеу туралы ұйғарым берген. Өйткені Израиль әуе диспетчерлеріне Бейрутке сырттан қандай да бір ұшақ келіп қонса, күш қолданатындарын ескерткен болатын.