Еуроодақ елдері, АҚШ, Сингапур және Үндістан жапон өнімдеріндегі радиацияны тексеруде

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Жапонияның «Фукусима-1» атом-электр стансасындағы жарылыстардан кейін радиацияның төңірекке жайылуы,

Еуроодақ  елдері, АҚШ, Сингапур  және  Үндістан  жапон өнімдеріндегі радиацияны  тексеруде

шет елдерді Жапониядан импортталатын азық-түлік өнімдеріндегі радиацияны тексеруге итермелеп отыр.

The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап Газета.Ру сайтының хабарлауынша, азық-түлік өнімдерін бірінші болып Сингапур мен Үндістан тексере бастады.

Радициялық фонның көтерілуіне байланысты, Жапониядан импортталатын азық-түлік өнімдерін тексеруге Еуроодақ пен АҚШ-тың да кеңес беріп отырғаны туралы бүгін тағы бірқатар басылымдар жазып отыр.