Еуроодақ елдері Ресей мұнайына шекті баға белгіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Еуропалық одақ елдері Мәскеудің Украинадағы соғысқа қаражатын шектеу үшін ресейлік мұнай өнімдерінің бағасын белгілеуге келісті. Бұл туралы ЕО-да төрағалық етіп жатқан Швеция өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Еуроодақ елдері Ресей мұнайына шекті баға белгіледі

Шектеуді шикі мұнайға - негізінен дизель мен бензинге үстемеақы төленетін мұнай өнімдері үшін баррелін 100 доллар деңгейінде белгілеу ұсынылып отыр. Мазут пен гудрон сияқты жеңілдік өнімдер үшін – баррелін 45 доллар белгілемекші.

Шешім 5 ақпаннан бастап күшіне енді.

Фото: www.reuters.com