Еуроодақ елдерінің сыртқы шекарасы 1 шілдеден бастап ашыла бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еурокомиссия (ЕК) Еуроодаққа мүше мемлекеттерге ішкі шекаралық бақылауды 15 маусымға қарай тоқтатуды және 1 шілдеден бастап сыртқы шекараны кезең-кезеңімен ашуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕК ресми сайтына сілтеме жасап.

«Кейбір үшінші елдерде денсаулық сақтау саласында жағдай әлі де сын көтермейді. Сондықтан ЕК бұл кезеңде жалпы сапарға шығуды шектеуді алып тастауды (Еуроодаққа) ұсынып отырған жоқ. Шектеу мүше мемлекеттермен бірлесіп, таңдалған елдерде ғана алынуы тиіс, онда да шынайы критерийлер ескерілетін болады», делінген сайтта жарияланған мәлімдемеде .

Мұнымен қатар Еурокомиссия үшінші елден ЕО-ға кіруге рұқсат берілетін азаматтар санатын кеңейтуді ұсынды. Атап айтқанда, шетелдік студенттерге рұқсат берілмек.

ЕК мұнымен қоса Еуроодақ елдерін сыртқы шекараны ашқаннан кейін визалық операцияларды қайта жандандыруға шақырды.

Бұл орайда айта кеткен жөн, шектеу алдымен эпидемиологиялық жағдайы ЕО елдерімен шамалас мемлекеттерден алынады.

Сондай-ақ мұндай елдердің тізімі ұдайы жаңартылатын болады.

Соңғы жаңалықтар