09:55, 22 Қазан 2013 | GMT +5
Еуроодақ Еуропалық одақпен қауымдастық туралы келісімге қол қою үшін Ю.Тимошенконы босату қажеттігін тағы да мәлімдеді
БРЮССЕЛЬ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Еуроодаққа мүше 28 мемлекеттің сыртқы істер министрлері Люксембургтағы отырыста Армения, Әзірбайжан, Грузия, Молдавия, Украина және Беларусь елдерімен экономикалық және саяси жақындастықты қарастыратын «Шығыс ынтымақтастық» бағдарламасы бойынша серіктестермен ынтымақтастықты тереңдету жолын ұстанатынын нақтылады.

Бұл туралы дүйсенбі, 21 қазан күні кездесу қорытындысы бойынша Еуропалық одақтың сыртқы істер және саяси қауіпсіздік жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон мәлімдеді.
ЕО жоғары өкілі Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенко мен оның жақтастарының ісіндегі сот төрелігі мәселесі Украинадағы сот жүйесі қалай ықпал жасайтынынан да ауқымды екендігін атап өтті. «Және бұл мәселе шешілуді талап етеді», - деп атап өтті жоғары шенді еуропалық дипломат.