10:06, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Еуроодақ Газадағы әскери операциясын біржақты тоқтату туралы Израильдің шешімін қолдап отыр
БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Еуроодақ Кеңесіндегі Чехия Президенті жексенбі күні мәлімдеме жасап, Газа секторындағы әскери операцияны біржақты тоқтату туралы Израильдің шешімін қолдаған мәлімдеме жасады және ХАМАС қозғалысын осынау бітімді қолдауға шақырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құжатта сондай-ақ, ендігі басымдық - бейбіт халықтың қауіпсіздік кепілдігі екендігі атап көрсетілген. «Қажетті гуманитарлық көмек, азық-түлік, отын, дәрі-дәрмектер Газа секторына еш кедергісіз жеткізілуі керек». Осыған байланысты Еуроодақ президенттігі халыққа көмек көрсету үшін Израиль үкіметін Газа секторымен арадағы шекараны толық ашуға шақырды. Еуроодақ сонымен бірге тәуелсіз, демократиялық Палестина мемлекетін құруға көмектесуге әзір екендігін білдірді.