Еуроодақ Интерполдың Орталық Азия елдеріне байланыс құралдарын жеткізу жобасын қаржыландырады

АЛМАТЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Еуропалық Одақтың қаржылай көмек көрсетуімен Интерполдың үш миллион еуроға бағаланған жобасы жұмысын бастады. «ТАСИС – Орталық Азия» деп аталатын жоба Интерпол құрал-саймандарының Орталық Азиядағы қол жетімдігін кеңейту мақсатымен қолға алынып отыр,

Еуроодақ Интерполдың Орталық Азия елдеріне байланыс құралдарын жеткізу жобасын қаржыландырады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл жайында бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы өкілдігінің басшысы Норбер Жустен айтты. Оның сөзінше, бірнеше жылдан бері ЕО-тың қаржыландыруымен Интерпол өзінің бүкіләлемдік байланыс желісінің (I-24/7) ТМД аумағындағы шалғай учаскелерге жеткізілуін кеңейту жолында жұмыс істеп келеді. Бұл шара Интерполдың құпия желісі мен мәліметтер базасына тікелей өте алуға мүмкіндік береді.Жобаның соңғы фазасы Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның және Түрікменстанның 50-ден аса қалаларымен байланысты қамтамасыз етуге бағытталған. «ХХІ ғасырдың қылмыс түрлеріне байланысты мәселелермен тиімді күресу үшін, кеңседен тыс жұмыс істейтін қызметкерлердің Интерполдың бүкіләлемдік мәліметтер базасымен тікелей байланысын қамтамасыз ету керек. «ТАСИС - Орталық Азия» жобасы аймақтық және жаһандық саясаттың дамуында маңызды рөл ойнайды», дейді I-24/7 Интерпол жүйесінің үйлестіру директораты басшысының орынбасары Александр Гридчин.Оның айтуынша, Орталық Азия елдерінің ұлттық орталық бюролары қазірде Интерполдың жобасына қосылды және I-24/7 жаһандық полициялық коммуникация жүйесін тиімді пайдалануда.