Еуроодақ Иранды өлім жазасына мораторий жариялауға шақырады

ЮССЕЛЬ. 11 қазан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Люксембургте өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында Еуроодаққа мүше 27 елдің мемлекет басшылары Иран билігін өлім жазасына мораторий жариялауға шақырды,

Еуроодақ Иранды өлім жазасына мораторий жариялауға шақырады

деп хабарлайды Еуроодақ кеңесінің баспасөз қызметі.

ЕО сыртқы істер министрлерінің қорытынды мәлімдемесінде Еуроодақ Ирандағы адам құқықтарына қатысты жағдайдың нашарлауына қатты алаңдаушылық танытатындығы айтылған. «ЕО осы елде жалғасып келе жатқан өлім жазасының көптігіне, әсіресе жасөспірімдерге қолданылатын өлім жазасының артуына, сонымен қатар ол жазалардың ашық түрде, өте қатыгез әрі адамдыққа жатпайтын әдістермен жасалатынына қатты алаңдаушылық білдіреді. Осы Бүкіләлемдік өлім жазасына қарсы күрес күнінде Еуроодақ Иран билігін өлім жазасын толық жою мақсатымен оған мораторий жариялауға шақырады», - делінген таратылған ақпаратта.

Осыған байланысты Еуроодақ Ирандағы адам құқығының бұзылу жағдайларын бақылауда ұстайтындығы айтылған.