Еуроодақ Иранға қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

АСТАНА. KAZINFORM - Еуропалық Одақ Иранның Ресейге әскери қолдау көрсетудегі, сондай-ақ аймақтағы исламдық қарсыласу топтарын қамтамасыз етудегі рөлі туралы мәлімдемелерді қайталай отырып, Иранға қатысты санкцияларды тағы бір жылға ұзартты,  деп жазады ИРНА агенттігі.

Еуроодақ Иранға қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты
Фото: ИРНА

Иранға қарсы санкциялар 2025 жылдың 27 шілдесіне дейін ұзартылды. Жыл сайын қайта қаралатын бұл санкцияларға Иранның немесе Иранмен байланысты 12 жеке және 9 заңды тұлғасы кіреді.

Жарияланған мәлімдемеге сәйкес, санкцияланған адамдар мен мекемелердің активтері сақталады. Ал ЕО компаниялары мен азаматтарына олармен қаржылық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Сондай-ақ, санкцияланған жеке тұлғаларға ЕО-ға мүше елдер арқылы кіруге немесе өтуге тыйым салынады.

«Ирандық және ресейлік шенеуніктер Украинадағы соғысқа байланысты әскери ынтымақтастық туралы талаптарды бірнеше рет жоққа шығарды. Бірақ өткен жаздан бастап ЕО сионистік режимнің нұсқауымен және Иран Ислам Республикасының қарсыластарының қысымымен Тегеранға қарсы бірқатар санкция енгізді. Сондай-ақ Одақ өткен сәуірде Иранға қарсы санкцияларды ирандық зымырандар мен дрондарды тасымалдауға қатысатын адамдар мен ұйымдарды нысанаға алу үшін «Адал уәде» операциясы аясында күшейтті», - делінген ИРНА хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар