Еуроодақ Қазақстан балаларын гендерлік теңдік тақырыбына арналған сурет конкурсына қатысуға шақырады

АСТАНА. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат – Бүгін Халықаралық әйелдер күні Еуропалық комиссия бельгиялық ханшайым Матильданың басшылығымен гендерлік теңдік тақырыбына арналған халықаралық сурет конкурсын ұйымдастырады.
None
None
Осымен қатарынан үшінші рет өтіп отырған конкурс әлемнің барлық балаларын гендерлік теңдікті өздерінің көзқарастары арқылы білдіруге шақырады. Жеңімпаздарға 1 000 еуро мөлшерінде сыйлық беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуропалық комиссия өкілдігі баспасөз бөлімінің баянына және ақпаратына сілтеме жасап.«Әйелдердің құқығын қорғау және саясат аясындағы олардың мүмкіндіктерін кеңейту бүкіл әлемдегі Еуроодақ қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Біз қайда жұмыс істемейік, әйелдердің құқықтарын ескереміз. Біздің мақсатымыз ? бүкіл әлемдегі әйелдер құқықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету. Балаларды осы үдеріске тарту ? болашақ үшін негіз қалау», ? дейді сыртқы байланыстар және тату көршілік еуропалық саясаты жөніндегі еуропалық комиссар Бенита Ферреро-Вальднер.8-ден 10 жасқа дейінгі балалар мамырдың 15-іне дейін конкурсқа олардың ұғымындағы гендерлік теңдікті көрсететін өздерінің суреттерін жібере алады. Конкурстың шарттарымен www.delkaz.ec.europa.eu. сайтында танысуға болады.
Соңғы жаңалықтар