Еуроодақ Кеңесі Еурокомиссияның қазіргі төрағасының кандидатурасын екінші мерзімге ұсынды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Кеңес сайтына сілтеме жасап. Кеңестің бұл шешімі Еуропарламентте дауысқа салынады. Еуропарламент депутаттары кандидатураны қолдаса, Еурокомиссия президенті өкілеттігінің жаңа мерзімі 2009 жылдың қараша айының 1-інен басталып, 2014 жылдың қазан айының 31-інде аяқталады.
«Кеңес Еурокомиссия президентіне қатысты өз таңдауын жасады. Біз, Еуропадағылар, климаттың өзгеруі және қаржылық дағдарыс сияқты алдымызда тұрған маңызды мәселелерді шешуде тезірек алға жылжи аламыз деген үміттемін», деді Еурокомиссияда төрағалық етуші Швеция премьері Фредрик Райнфельдт Кеңес шешім қабылдағаннан кейін сөйлеген сөзінде.
Қайта тағайындалуын Еуроодақ басшылары қолдағаннан кейін Ж. М. Баррозу өз кезегінде, Еуропарламентке хат жолдап, Еуропарламенттің саяси топтарымен кездесуге және олармен өзінің Еурокомиссия президенті қызметіндегі келешек саясатын талқылауға әзірлігін білдірді.