Еуроодақ Кеңесіндегі швед төрағалығы хаттамаға қол қойылуына қолдау көрсетті

БРЮССЕЛЬ. Қазанның  12-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ -   Еуропалық одақ   кеңесіндегі швед төрағалығы    Армения мен  Түркияның қарым-қатынастарды  қалыпқа келтіру   және екі   елдің арасында  дипломатиялық қарым-қатынас  орнату   туралы      хаттамаларға  қол   қоюына    қолдау  білдірді.

Еуроодақ    Кеңесіндегі швед   төрағалығы   хаттамаға   қол  қойылуына  қолдау  көрсетті

Ереван мен  Анкараның     осынау қадамдарына  қолдау білдірген   Еуроодақ,     екі  республиканың    парламенттерін  осынау  хаттамаларды  тезірек   ратификациялауға  үндеді.  

«Еуроодақ, Армения мен Түркияның арасындағы екіжақты  қарым-қатынастың  толық қалыпқа келуі    аймақтың  қауіпсіздігіне,   орнықтылығы мен  ынтымақтастығына     қомақты   үлес  болады  деп пайымдайды  және   осынау    үдеріске  техникалық қолдау білдіреді»,  делінген Еуроодақ төрағалығының   мәлімдемесінде.

Қазанның  10-ында   Цюрихте (Швейцария)  өткен  рәсімде      аталған  құжаттарға Армения  Сыртқы істер министрі   Эдвард Налбандян мен  Түркия Сыртқы істер  министрі Ахмед Даутоғлы қол қойды.

«Армения мен  Түркияның арасындағы екіжақты  қарым-қатынасты  дамыту  туралы»   хаттама мен  «Армения мен  Түркияның арасында    дипломатиялық қарым-қатынас орнату  туралы»  хаттама   ратификацияланғаннан кейін күшіне   енеді.