Еуроодақ КХДР-ға қатысты санкциялардың жаңа пакетін қабылдады

БРЮССЕЛЬ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Брюссельде өткен Еуроодақтың Сыртқы істер жөніндегі кеңесінің отырысында КХДР-дың ядролық сынақтарды өткізуіне байланысты бұл елге санкциялардың жаңа пакеті қабылданды.
None
None

Бұл туралы ЕО Кеңесінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шектеу шаралары ЕО-ның «қара тізіміне» енгізіліп, сол арқылы Еуроодақтың аумағына кіруге тыйым салынған солтүстіккореялық тұлғалар мен ұйымдардың тізімін кеңейтуді, сондай-ақ олардың еуропалық банктардағы шоттарын тоқтатып қоюды қарастырады.

Жаңа санкциялар сондай-ақ баллистикалық зымырандарды құру үшін пайдаланылуы мүмкін екі мақсаттағы техникалар мен құралдарды, жүйелер мен материалдарды сатуға тыйым салуды қамтиды.

Бұдан басқа, санкциялар КХДР-дан алтын, бағалы металдар мен асыл тастарды, сондай-ақ осы елдің орталық банкі шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға тыйым салады.

Соңғы жаңалықтар