Еуроодақ Кипрге 10 млрд. еуро бөлуге келісті

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ Кипрге 10 млрд. еуро көлемінде көмек бөлуге келісті.
None
None

Бұл ақпаратты Еуротоптың басшысы (еуроаймақ мемлекеттері қаржы министрлерінің бірлестігі) Йерун Дейсселблум растады, деп жазады РБК.

Атап айтқанда, мұндай шешімге еуроаймақ мемлекеттері қаржы министрлері мен Халықаралық валюта қоры және Еуропа орталық банкі өкілдерінің 10 сағатқа созылған отырысынан кейін қол жеткізілді.

Бұдан бұрын Кипрге бөлінетін қаржылық көмек 17 млрд. еуроға жетеді деп хабарланған еді. Енді қалған 7 млрд. еуроны Кипр өз күшімен табатын болады. Жақын арада аталған аралды мемлекеттің қаржы министрі Михалис Саррис Мәскеуге барып, тиісті келіссөздер жүргізеді деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар