Еуроодақ мұнайдың шұғыл резервін жасайды

БРЮССЕЛЬ. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат – Еуроодақтың 27 мүше-елінің энергетика министрлері шұғыл қажеттілік жағдайында керек болатын мұнай резервтерін жасауға уағдаласты.

Еуроодақ мұнайдың шұғыл резервін жасайды
Бұл туралы Еуроодақтағы Чехия төрағалығы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.Министрлер атап айтқанда, ЕО-ның тиісті директивасы жобасын мақұлдады. «Бұл Еуропа үшін мұнай жеткізілімі дағдарысы болған жағдайда энергетикалық қауіпсіздікке зор кепілдік болады», - деп мәлімдеді осыған орай чех өнеркәсіп министрі Владимир Тошовски.Директива жобасында ЕО елдері өздерінің мұнай қорларының үштен бірін мұнай өнімдері түрінде ұстауы тиіс. Құжатта дағдарыстық энергетикалық жағдай пайда болғанда оны қалай пайдалану ережелері белгіленген.