Еуроодақ мүшелері босқындарды қабылдаудан бас тартқаны үшін жазаланатын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалпы еуропалық квота жүйесінің аясында Таяу Шығыстан босқындарды қабылдаудан бас тартқан ЕО елдері қомақты айыппұл төлейтін болады, деп хабарлады The Financial Times.
Жалпы еуропалық квота жүйесінің аясында Таяу Шығыстан босқындарды қабылдаудан дәлелді себептерсіз бас тартқан Еуроодаққа қатысушы елдерге айыппұл салынады. Айыппұл туралы заңның ресми ұсынысы Еурокомиссияға жіберіледі және бүгін, 4 мамырда қарауға ұсынылады.
Айыппұл көлемі әр қабылданбаған босқын үшін 250 мың еуроны құрайды. Алайда бүгінгі күні айыппұл сомасы талқылануда. Бірақ қалай болғанда да жүздеген мың еуромен есептеледі. Еуроодақта қабылданған барлық бағдарлама 120 мың босқынды орналастыруды көздейді.