Еуроодақ Өзбекстанға қару жеткізіліміне салынған эмбаргоны алып тастамақ

деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Бұған дейін бұл қадамды Еуроодақ елдерінің елшілері мақұлдаған болатын, сондықтан да шешім талқылаусыз қабылданбақ. 2008 жылдың қазан айында Еуроодақ Өзбекстанға қарсы санкциялардың бәрін алып тастаған болатын, тек қару-жарақ жеткізіліміне салынған эмбарго ғана сақталып қалған еді.
Өзбекстан басшылығына қатысты санкцияларды Еуроодақ 2005 жылдың мамыр айында, Әндіжан оқиғасынан кейін енгізген болатын. Еуроодақ сол жолы халықаралық тексеруді талап етіп, ал Өзбекстан олай етуден бас тартқан соң, республикалық визалық шектеулер түріндегі санкциялар және қару-жарақ жеткізіліміне эмбарго енгізілген болатын.
2008 жылдың басында бірнеше өзбек құқық қорғаушылары босатылғаннан кейін, Еуроодақ санкцияларды жартылай тоқтату туралы шешім қабылдады, атап айтқанда өзбек басшылығы өкілдеріне қатысты визалық шектеулер алып тасталды.