Еуроодақ Пәкістанға су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру үшін қосымша 30 млн. еуро бөледі

Сөйтіп, көмектің жалпы сомасы 70 млн. еуроны құрамақ. Бұл туралы Брюссельде өткізілген баспасөз мәслихатында Халықаралық байланыстар, гуманитарлық көмек және дағдарыс жағдайларына көмектесу жөніндегі еурокомиссар Кристалина Георгиева хабарлады.
Еуроодақ өкілінің айтуынша, «Пәкістандағы су тасқынынан келген келген шығын орасан. Миллиондаған адам зардап шекті. Қосымша көмек Еурокомиссия әріптестері жүргізіп отырған гуманитарлық операцияларды күшейтуге бағытталады».
Еурокомиссар К.Георгиева үстіміздегі жылғы тамыздың 23-інде Пәкістанның зардап шеккен аудандарына баруды жоспарлап отыр. Өзінің сапары аясында ол жергілікті жерлерде көмек жасап жатқан жергілікті билік өкілдерімен және мамандармен, сонымен қатар су тасқынынан жапа шеккендермен кездеспек.