Еуроодақ пен Парсы шығанағындағы алты араб мемлекеті Газада атысты тоқтатуға шақырды
АСТАНА. KAZINFORM – Сәрсенбі күні Брюссельде ЕО – ПШАМЫК (Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн Корольдігі, Сауд Арабиясы Корольдігі, Оман Сұлтандығы, Катар Мемлекеті және Кувейт Мемлекеті) бірінші саммиті аяқталды.
Кездесу Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің кезекті президенті ретінде бірін бірі ауыстыратын Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель мен Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің тең төрағалығымен өтті.
Еуропалық Одақта атап өткендей, саммит ЕО үшін Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі (ПШАМЫК) және оған мүше мемлекеттер, сондай-ақ ЕО-ның геостратегиялық серіктестері (Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн Корольдігі, Сауд Арабиясы Корольдігі, Оман Сұлтандығы, Катар Мемлекеті және Кувейт Мемлекеті) тығыз серіктестік орнату мүмкіндігін ұсынды.
Талқылаудың негізгі тақырыптары – ортақ негізгі жаһандық сын-қатерлер экономикалық ынтымақтастық, оның ішінде сауда мен инвестиция, тұрақты энергетиканы дамыту және климаттық байланыстар және адамдар арасындағы байланыс бойынша одан әрі ынтымақтастықтың жолдары.
Саммитке қатысушылар сонымен қатар қорытынды мәлімдеме қабылдап, онда екі тарап Газада да, Ливанда да атысты тоқтату, сондай-ақ халықаралық құқық нормалары мен халықаралық гуманитарлық құқықты сақтау қажеттігін атап өтті.
ЕО мен араб елдері сондай-ақ Палестина мен Израиль мемлекеттері қауіпсіз және мойындалған шекараларда қатар өмір сүретін екі мемлекет қағидатына негізделген аймаққа тек саяси шешім ғана бейбітшілік әкелетінін жүйелі түрде атап өтуде.
Еуроодақ пен Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің қарым-қатынастары 1989 жылы қол қойылған ынтымақтастық келісіміне негізделген, ол ЕО мен ПШАМЫК арасындағы экономикалық қарым-қатынастар, климаттың өзгеруі, энергетика, қоршаған орта және ғылыми зерттеулер салаларындағы ынтымақтастық бойынша тұрақты диалогты белгілейді.
Ынтымақтастық келісімі арқылы сонымен қатар тұрақты түрде жиналатын сыртқы істер министрлері деңгейінде ЕО-ПШАМЫК бірлескен кеңесі құрылды.
2022 жылдың ақпанында Брюссельде өткен Бірлескен кеңес барысында ЕО және Парсы шығанағы елдерінің сыртқы істер министрлері 2022-2027 жылдарға арналған Бірлескен ынтымақтастық бағдарламасын мақұлдады, бұл бағдарлама 2023 жылдың қазанында жаңартылды.
2022 жылдың маусымында Луиджи Ди Майо Еуропалық Одақтың Парсы шығанағы елдеріндегі тұңғыш арнайы өкілі болып тағайындалды. Ол ЕО-ның Парсы шығанағы аймағындағы елдермен неғұрлым күшті, жан-жақты және стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға жауапты.